Қазақстан азаматы адам өлтірді деген күдікпен Ресейден экстрадицияланды

Жауаптылықтан құтылғысы келген күдікті қашып кеткен, сол себепті оған халықаралық іздеу жарияланған.

Қазақстан азаматы адам өлтірді деген күдікпен Ресейден экстрадицияланды
скриншот
180

Бас прокуратура жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа ауыр зиян келтіргені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған Қазақстан азаматын Ресейден экстрадициялады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы хабарлады.

Аталған адам 2021 жылдың наурыз айында тағы да жеке тұлғаға қарсы ауыр қылмыс жасаған.

«Атап айтқанда, күдікті Қостанай қаласындағы жәбірленушінің пәтерінде бірге алкогольдік ішімдік ішу кезінде өзара араздық салдарынан жәбірленушінің басы мен денесіне көптеген жасаған соққылар салдарынан жәбірленуші қайтыс болды», — делінген хабарламада.

Жауаптылықтан құтылғысы келген күдікті қашып кеткен, сол себепті оған халықаралық іздеу жарияланған.

«Күдікті іздеуде жүргенде Ресей аумағында қарақшылық шабуыл жасап, сол үшін Ресей сотымен сотталған», — делінген хабарламада.

Көрші мемлекетте жазасын өтегеннен кейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша отанына экстрадицияланып, қазіргі уақытта тергеу изоляторына қамалды.

Серіктес жаңалықтары