325
Ұшақ апатынан зардап шеккен Қырғызстанның үш азаматы әуежайға жеткізілді
ТЖМ көрші елдің төтеншеліктеріне қажетті көмекті қамтамасыз ете отырып, көліктік сүйемелдеуді ұйымдастырды
Ақтауда Қазақстан ТЖМ құтқарушыларының қолдауымен ұшақ апатында зардап шеккен Қырғызстанның үш азаматы әуежайға жеткізілді, деп хабарлайды turkystan.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ТЖМ көрші елдің төтеншеліктеріне қажетті көмекті қамтамасыз ете отырып, көліктік сүйемелдеуді ұйымдастырды.
«Бұл жағдай - біздің елдеріміздің арасындағы тығыз ынтымақтастық пен достық қарым-қатынастың, сондай-ақ Қазақстанның әрқашан төтенше жағдайларда көмекке келуге дайындығының жарқын мысалы. Қазақстан ТЖМ адамдардың қауіпсіздігі мен амандығына бағытталған өзінің маңызды жұмысын жалғастыруда», - делінген хабарламада.