Ерке Есмахан ұзақ уақыт елде болмайтынын айтты
Енді ақырындап чемодан жинау керек, дейді ол
Танымал әнші Ерке Есмахан Жаңа жылдың алдында немен айналысып жатқанын айтып, демалысқа кететінін хабарлады, деп жазады Skifnews.kz.
"Жаңа жылға екі күн қалды. Райм желтоқсанда күнде концерт пен корпоративте жүрді. Мүслім сабағын аяқтап каникулға шыққанына мәз. Ислам әзірге үйдің кенжесі, еркесі. Мен екіқабат саудагер апай, жатырмын үйде сол. Жаңа жылдық столдың шаруасын шешіп қойдым. Енді ақырындап чемодан жинау керек, ұзақ уақытқа демалысқа кетеміз, бұйырса", - деді әнші.
Сондай-ақ, Жаңа жыл алдында өзінің тілегін айтып, "Ерке сотуар" енді сатылмайтынын жеткізді.
"Құрметті арулар, келе жатқан жаңа жыл құтты болсын! Бір ай бойы "Ерке сотуар" сатыппын. Осы бір айда сатып алған, мойындарына қазір тағып жүрген немесе енді қолына алатын қыздардың бәріне сотуардағы тілектің бәрі қабыл болсын. Менің жаңалығым сәби аңсап жүргендерге жұғысты болсын. Шаңырақтарыңыз биік, балаларыңыз аман, жүздеріңіз нұрлы, ақшаларыңыз көп, кәсіптеріңіз масштабқа шықсын. Осымен "Ерке сотуар" сатылымы тоқтады. Сатылым сілтемесі барлық жерден өшіріледі, төлем енді жұмыс жасамайды. Тапсырыс бергендер, уайымдамаңыздар. Міндетті түрде сотуар жеткізіледі. Енді бұл сотуарды сатамын ба, оны білмеймін. Жақсылап демалып кетейін, сосын көре жатармыз. Аман болайық", - деп түйіндеді Ерке Есмахан.