«Жалғыз өзі болған»: Ақтаудағы ұшақ апатынан көз жұмған бала жаңа жылға анасына бара жатқан

Ұшақ құлағанда оның жанында жақындарынан ешкім болмаған

«Жалғыз өзі болған»: Ақтаудағы ұшақ апатынан көз жұмған бала жаңа жылға анасына бара жатқан
Media.az
450

Ақтау маңындағы апаттан 13 жасар әзербайжандық Мухаммедали Фаридоглы Еганов та ажал құшты, деп жазады media.az басылымы

Белгілі болғандай, жасөспірім Грозныйға жаңа жыл мерекесін атап өтуге анасына бара жатқан.

Баку қаласының Хатай ауданында тұратын Мухаммедали №27 мектепте оқыған. Оның қазасы туралы әлеуметтік желіде сыныптастары жазды.

Анасының ұлты – шешен, әкесі Әзербайжандағы ірі кәсіпкер – Фарид Еганов. Ұшақ құлағанда оның жанында жақындарынан ешкім болмаған. Оны ұшаққа әкесі шығарып салған екен.

Серіктес жаңалықтары