613
Астанада халықаралық іздеуде жүрген әйел ұсталды
Күдікті Қазақстанға жұмыс іздеп келген
Астанада халықаралық іздеуде жүрген әйел ұсталды.
Елордада халықаралық іздеуде жүрген Ресей Федерациясының азаматы қолға түсті. 35 жастағы әйел адам Ресейде полиция қызметкеріне қарсылық көрсетіп, кейін елден қашып кеткен.
Осы оқиғаға байланысты қараша айында оған халықаралық іздеу жарияланған. Күдікті Қазақстанға жұмыс іздеп келген. Полицейлер оны тұрғын үйлерді тексеру кезінде анықтап, ұстады.
Қазіргі уақытта күдікті Уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол экстрадициялау туралы шешім шыққанға дейін сол жерде болады. Жақын күндері әйел Ресей Федерациясының қылмыстық іздеу органдарына тапсырылатын болады.