455
Жамбыл облысында оқушы сарайда асылып қалған
15 жасар бала көп балалы отбасыдан шыққан.
10-сынып оқушысы өз қорасынан өлі күйде табылды, деп хабарлады turkystan.kz liter.kz сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға Жамбыл облысы Байзақ ауданы Көкбастау ауылында болған. 10- сынып оқушысы өз қорасынан асылған күйі табылды.
15 жасар бала көп балалы отбасыдан шыққан. Ауылдастарының айтуынша, оның әкесі 4 жыл бұрын қайтыс болған. 6 баланы анасы ғана асырайды екен. Ауылдастары бұл отбасы туралы оң пікір білдіріп, балалардың тәбиелі, тәртіпті екенін айтып жатыр.
Оқушы ешқандай жазба қалдырмаған. Оның жеке заттары мен телефонынан күдікті ештеңе табылмады.