"Гринпис" 2,2 млрд долларлық жобаға қарсы

"Гринпис" 2,2 млрд долларлық жобаға қарсы

"Гринпис" 2,2 млрд долларлық жобаға қарсы
ашық дереккөзі
Францияда «Гринпис» ұйымының белсенділері «Total» бірлестігінің Амазон өзенінің сағасында мұнай өндіру жоспарына қарсы наразылық акциясын өткізді. Табиғатты қорғаушылар компанияның штаб-пәтері алдында мұнайға ұқсас сұйықтық төккен. «Гринпис» мамандарының айтуынша, компания әрекеті Амазон өзенінің әлсіз экожүйесін бұзып, аймаққа үлкен апат әкеледі. Әсіресе бұл жақында ашылған маржан су жартастарына қауіпті. Сондықтан бірлестіктен Француз Гвианасы мен Бразилияның Амапа штатынан мұнай өндіруден бас тартуды сұрап отыр. Ал «Total» болса, бразилиялық «Petrobras» компаниясымен осы өңірде мұнай өндіру жөнінде құны 2,2 миллиард доллар болатын келісімге қол қойып қойған. Бірлестік британдық «BP» компаниясымен бірге өзеннің сағасынан мұнай өндіруді биыл бастауы керек.