Дәрігерлер ұшақ апатынан зардап шеккендер туралы мәлімет берді

Зардап шеккен алты адамның төртеуі жансақтау бөлімінде жатыр:

Дәрігерлер ұшақ апатынан зардап шеккендер туралы мәлімет берді
Маңғыстау облысы әкімдігі
345

Ақтаудағы ұшақ апатынан зардап шеккен алты адам қазір Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасында ем алып жатыр. Бұл туралы аурухананың баспасөз қызметі хабарлады.

Дәрігерлердің ақпаратынша, зардап шеккен алты адамның төртеуі жансақтау бөлімінде жатыр:

  • Бір науқастың жағдайы өте ауыр;
  • Үшеуінің жағдайы тұрақты ауыр.
  • Қалған екі науқас травматология бөлімшесінде емдерін жалғастырып жатыр.

«Ем алып жатқан алты адамның үшеуі – Әзербайжан азаматтары, ал қалған үшеуі – Қырғызстан азаматтары. Барлығына қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетілуде», – делінген хабарламада.

Еске салсақ, 25 желтоқсанда Бакуден Грозныйға бет алған ұшақ Ақтау маңында апатқа ұшырады.

Серіктес жаңалықтары