«Тозақтан шіріген денелердің иісі шығады»: зейнеткер клиникалық өлім кезінде жұмақ пен тозақты көргенін айтты

Дәрігерлер әйелді құтқарып қалған, бірақ оның 11 минуттай жүрегі тоқтап қалады

«Тозақтан шіріген денелердің иісі шығады»: зейнеткер клиникалық өлім кезінде жұмақ пен тозақты көргенін айтты
Stan.kz
914

АҚШ-та қарт әйел клиникалық өлім кезінде о дүниені көргенін айтты, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Daily Mail сайтынның жазуынша, Канзас штатындағы 68 жастағы Шарлотт Холмс 2019 жылы кардиологқа барған. Дәрігер оның қан қысымын өлшеп, нәтижесін көрген соң Холмс инфаркт немесе инсульт алуы мүмкін екенін ескерткен. Бірнеше минут өткен соң Холмс инсульт алады.

Дәрігерлер әйелді құтқарып қалған, бірақ оның 11 минуттай жүрегі тоқтап қалады. Осы уақыт ішінде америкалық әже жұмақ пен тозақтың қалай көрінетінін білді.

Холмстың айтуынша, жүрегі тоқтағаннан кейін ол бірден жас және әдемі кейіптегі қайтыс болған туыстарын кездестірді. Ол жүктілік кезінде жоғалтқан баласын көрді. Осыдан кейін оған "жарқыраған" кейіпте Құдай келді. Ол әйелді жұмақтан тозаққа апарды. Холмс жәннаттың хош иісінен кейін тозақ иісіне тұншыққан. Ол жақтан шіріген денелердің иісі шығатынын айтады. Әйел күнәһарлардың азап шеккенін көріпті.

"Құдай маған "Егер өміріңді өзгертпесең, ақыры осы жерде болатыныңды білсін деп көрсетіп отырмын” деді. Арғы жақтан әкемнің "Қайта барып, оларға айтып бер" дегенін естідім", – деді Холмс.

Серіктес жаңалықтары