1108
Димаш Құдайберген Ақтаудағы ұшақ апатына қатысты пікір білдірді
Әнші қаза тапқан жолаушылардың жақындарына көңіл айтты.
Әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайберген Ақтаудағы ұшақ апаты жайында жазба жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.
"Әзірбайжандық достарымыздың басына келген қайғылы оқиғаға көңіл айтамыз. Қаза болғандардың отбасылары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамын. Бұл орны толмас қаза. Біз сіздермен біргеміз. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілейміз. Құтқарушыларға, дәрігерлерге және осы қиын жағдайда қолдарынан келген қамқорлығын жасап жатқандарға мың алғыс", - деп жазды әнші.
Еске салсақ, бұған дейін Димаштың жанкүйерлері алғашқы «Поляк-қазақ тілашарын» шығарғаны туралы жазғанбыз.