Димаштың жанкүйерлері алғашқы «Поляк-қазақ тілашарын» шығарды

Польшадағы Димаш Құдайбергеннің Фан-клубы алғашқы «поляк-қазақ тілашарын» шығару арқылы мәдени байланыстарды нығайта түсті. Бұл кітап – Қазақстанның қазақ тілі мен мәдениетін насихаттауға бағытталған екі жылдық жұмыстың нәтижесі.

Димаштың жанкүйерлері алғашқы «Поляк-қазақ тілашарын» шығарды
Ашық дереккөзден алынған
204

Тілашар шығару идеясы «Димаш радиосында» өткізілген қазақ тілі курстары аясында басталған, деп хабарлады turkystan.kz.

Радио тыңдармандары осы курстың арқасында Қазақстанға сапар шегу сияқты тақырыптарда негізгі сөздер мен сөз тіркестерін үйренді. Курстар алматылық оқытушы Беглан Шарымбаевтың көмегімен өткізілді. Ол фан-клубқа сабақ өтіп, қазақша дұрыс сөйлеуді меңгеруге көмектескен.

Оқуды жеңілдету үшін поляк тіліндегі қазақ сөздерінің фонетикалық транскрипциясын дайындау – осы оқу процесінің ерекшелігі болды. Уақыт өте келе қатысушылар барлық жинақталған материалдарды біріктіріп, кітап шығаруға шешім қабылдаған.

Сөздікті әзірлеуге: қазақ тілі оқытушысы – Беглан Шарымбаев; иллюстратор – Ивона Опара-Стахолец; корректор – Ула Влодарск; қазақ тілі курстарының авторы, сонымен қатар жүргізушісі – Тереза Конкол қатысты.

«Мен біздің бұл жұмысымызды мақтан тұтамын. Димаштың бұл поляк фан-клубы оның шығармашылығына қолдау көрсетіп қана қоймай, қазақ тілін кеңінен насихаттайтындығының тағы бір дәлелі», – дедіТереза Конкол.

Серіктес жаңалықтары