Ақтау әуежайы апатқа ұшыраған ұшақты қабылдауға дайын болған - Көлік министрі

Министр апат орнынан ұшақтың екінші қара жәшігі табылғанын айтты.

Ақтау әуежайы апатқа ұшыраған ұшақты қабылдауға дайын болған - Көлік министрі
сурет ашық дереккөзден алынды
255

Көлік министрі Марат Қарабаев Ақтау әуежайы қала маңында апатқа ұшыраған ұшақты қабылдауға дайын болғанын мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жариялады. 

Министрдің айтуынша, экипаж Қазақстан Республикасының әуе кеңістігіне енгеннен кейін Ақтау қаласындағы мұнара диспетчерімен байланыс орнатқан. Диспетчер ұшақты әуежайға қондыру үшін барлық қажетті шараларды дер кезінде қабылдап үлгерген.

«Ұшу-қону жолағымен визуалды байланыс орнатуды жеңілдету үшін ұшу-қону жолағының шамдары қосылған, экипаж Ақтау әуежайының ұшу-қону жолағына жақындауға екі рет әрекет жасаған, осы кезде кеменің биіктігіндегі ретсіз өзгерістер байқалды. Ұшақ жағалау сызығына қарай ауытқиды, 11:28-де экипажбен байланыс үзіліп, ұшақ жерге құлады», – деді Қарабаев.

Сондай-ақ министр апат орнынан ұшақтың екінші қара жәшігі табылғанын мәлімдеді. 

Серіктес жаңалықтары