Көкшетауда ТЖМ қызметкері заңсыз жұмыстан шығарылған

Азаматша К. Академияда медициналық бөлімнің басшысы болып жұмыс істеген.

Көкшетауда ТЖМ қызметкері заңсыз жұмыстан шығарылған
t.me/Aqmola_sottary
175

Көкшетау қалалық соты азаматша К.-нің ҚР ТЖМ «М.Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғаныс Академиясы» мемлекеттік мекемесіне еңбек шартын бұзу туралы бұйрықты заңсыз деп тану, жұмысқа қайта орналастыру және мәжбүрлі жұмысқа шықпаған күндері үшін жалақыны өндіріп алу туралы азаматтық іс қарады.

Азаматша К. Академияда медициналық бөлімнің басшысы болып жұмыс істеген.

2024 жылдың 15 қазаны жұмыс беруші Еңбек кодексінің 52-бабы 1-бөлігінің 16-тармағы бойынша тәртіптік жазасы бар қызметкердің еңбек міндеттерін дәлелсіз себептермен қайталап орындамағаны немесе қайта тиісінше орындамағаны үшін К.-мен еңбек шартын бұзған.

Сот К.-ны жұмыстан шығаруды заңсыз деп таныды, өйткені бұрын жасалған теріс қылық үшін тәртіптік жауапкершілікке тарту заңнаманы бұза отырып жүргізілген. Қайталану белгісі алынып тасталды, себебі бірінші тәртіптік жазаның қолданылу мерзімі 2024 жылдың 12 қазаны аяқталды, ол мерзім қолданған күннен бастап алты айдан аспауы керек.

Сот шешімімен еңбек шартын бұзу туралы бұйрық заңсыз деп танылып, күші жойылды. К. бұрынғы жұмыс орнына қайта алынды және оның пайдасына мәжбүрлі жұмысқа келмегені үшін жалақы өндірілді.

Серіктес жаңалықтары