Қазақстандық ауыр атлет Азия чемпионатында алтын алды

Қос сайыста спортшы жалпы 366 (161+205) келіні еңсерді.

Қазақстандық ауыр атлет Азия чемпионатында алтын алды
Фото: ҰОК
225

Қазақстан құрамасы ауыр атлетикадан Дохада (Қатар) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында тағы бір алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлады turkystan.kz Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Денис Полубояринов 96 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сәтті өнер көрсетіп, жеңімпаз атанды.

Қос сайыста спортшы жалпы 366 (161+205) келіні еңсерді.

Екінші орынды ирандық Сепах Амирхосейн 349 (162+187) келімен иеленсе, үздік үштікті оның отандасы Эсфандиари Мохаммад 334 (152+182) келімен қорытындылады.

Айта кетейік, бұған дейін Ақжол Кұрманбек екі әлем рекордын жаңартып, Азия чемпионатында топ жарған еді.

Серіктес жаңалықтары