Елімізде алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

Түнде орталық пен шығыста 20-25 градус аязға дейін ауа температурасы төмендеуі мүмкін

Елімізде алдағы үш күнде ауа райы қандай болады
istockphoto.com
187

Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде қар жауып, кей аймақтарда көктайғақ болады, деп хабарлайды turkystan.kz.

"Қазгидромет"-тің хабарлауынша, солтүстік-батыс және шығыс өңірлерде қар жауса, оңтүстік-батыста қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін. Тек еліміздің оңтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Синоптиктер батыста бұрқасын, тұман, екпінді жел және көктайғақ болатынын ескертеді.

Түнде орталық пен шығыста 20-25 градус аязға дейін ауа температурасы төмендеуі мүмкін. Ал қалған аумақтарда температуралық фонда өзгеріс болмайды", – деді "Қазгидромет" РМК инженер-синоптик Назерке Сүгірәлі.

Серіктес жаңалықтары