Павлодарлық полицейлер рейд жүргізу кезінде жалдамалы пәтерлердің бірінен мемлекетаралық іздеуде жүрген Тәжікстан Республикасының азаматын ұстады.
Ол өз отанында аса ірі мөлшерде алаяқтық жасап, кейін сот төрелігінен қашып кеткен.
– Ұсталған адам Павлодар қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Экстрадициялау мәселесі шешілуде, – деді департаментте.
Бұдан бөлек, Тереңкөл ауданында тәртіп сақшысы Қазақстан Республикасында болу мерзімін бұзған көрші мемлекеттің азаматын ұстады. Шетелдіктің халықтың көші-қоны саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін жауапқа тартылды, материал сотқа жіберілді.