419
«Туған күніне бірнеше апта қалған»: Макинскте әйел адам пойыз астына түсіп, қайтыс болды
Қайғылы оқиға 23 желтоқсанда кешкі сағат 19.00 шамасында болған.
Ақмола облысы Макинск қаласында туған күніне бірнеше апта қалғанда әйел адамды пойыз қағып кетті, деп хабарлады turkystan.kz сайты Nayzakokshe басылымына сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 23 желтоқсанда кешкі сағат 19.00 шамасында болған. Бұланды аудандық полиция бөліміне №327 «Қарағанды-Қостанай» жолаушылар пойызының машинисті шұғыл тежеу туралы шешім қабылдағаны туралы теміржол вокзалының кезекшісінен телефон хабарламасы келіп түсті.
Белгілі болғандай, әйел пойыз астына секіріп кетіп, мерт болған. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Оқиға орнына жедел жәрдем жеткенмен, әйел адам алған жарақатынан тіл тартпай кетті.
«Куәгерлердің айтуынша, 36 жастағы әйел пойыз астына өзі секірген. Ол бірнеше аптадан кейін болатын туған күніне жете алған жоқ», - делінген хабарламада.