363
Алматыда ескі жылу құбыры жарылды
Жылу құбыры 1984 жылы орналастырылған.
![Алматыда ескі жылу құбыры жарылды](https://turkystan.kz/cache/imagine/1200/uploads/resized-images/2024/12/1734973076.jpeg)
Алматы қаласы Бостандық ауданындағы Назарбаев даңғылында жылу құбыры жарылды, деп хабарлады turkystan.kz.
Салдарынан қаладағы Сәтбаев, Достық, Тайманов көшелерінің бойы мен Самал 1, 2, 3 ықшам ауданында орналасқан үйлер мен ғимараттар жылусыз қалған.
Әкімдік құбырды 25 желтоқсан сағат 01:00-ге дейін жөндеп беруге уәде берді.
«Естеріңізге сала кетейік, егер төтенше жағдай болса (су тасуы, бу шығуы және т.б.), өз бетіңізше әрекет етпеуіңізді және төмендегі нөмірлерге хабарласуыңызды сұраймыз: +7 (727) 378-06-65 (тәулік бойы), +7 (727) 341-07-77 (08:00-ден 18:00-ге дейін) немесе 109», — делінген әкімдік хабарламасында.
Құбырдағы ақауды жедел жою үшін «АЛЖЖ» ЖШС-ның жөндеу-құрылыс қызметі жұмыс істеп жатыр.