Алдағы күндері 35 градусқа дейін аяз болады

Синоптиктер 24-25-26 желтоқсан күндері Қазақстанда ауа-райы қандай болатынын айтты.

Алдағы күндері 35 градусқа дейін аяз болады
istockphoto.com
Автор
Админ
1090

24 желтоқсанда республиканың басым бөлігінде, 25-26 желтоқсанда батыста, солтүстік-батыс пен шығыста циклон жүріп, қар жауады. Оңтүстік-батыста жауын-шашын түседі (жаңбыр, қар). Тек елдің оңтүстігі ғана жауын-шашынсыз болмақ. Республика бойынша боран, тұман, жел, көктайғақ болады.

«Орталық өңірлерде түнде ауа температурасы суытады. Елдің шығысында 20-35 градус аяз болады. Басқа аймақтарда ауа-райында күрт өзгеріс болмайды», - делінген хабарламада.

Бұған дейін синоптиктер 2024-2025 жылдың қысына болжам жасаған болатын. Биыл жауын-шашын көп жылдық нормадан көп түседі деп болжанған.

Серіктес жаңалықтары