532
Әнші Ayree сүйіктісімен некесін қидырды
Әнші ару мен оның сүйіктісі 20 желтоқсан күні мешітте неке қиған.
Ayree лақап атымен танылған Әйгерім Рақыш жақында сүйіктісінің ұсынысын қабыл алған еді. Қос ғашық көп уақыт өтпей, мешітте некесін қидырды, деп хабарлады turkystan.kz сайты.
Бұл қуанышты жаңалықты өнер иесінің өзі Instagram-дағы парақшасында жария етті. Әнші ару мен оның сүйіктісі 20 желтоқсан күні мешітте неке қиған. Қос ғашықтың бақытты сәтіне жақын достары куә болған.
«ЖанҰя», - деген қысқаша жазба қалдырды Ayree.