«Күйеуім крутой, спортшы болды»: Гүлнұр Мамасарипова 31 жыл бұрынғы сырын айтты

Би кештеріне ойланбай ертіп баратындай, мен үшін кез-келген жерде тұрып бере алатындай жігіт болды.

«Күйеуім крутой, спортшы болды»: Гүлнұр Мамасарипова 31 жыл бұрынғы сырын айтты
Ғаламтор
Автор
Админ
648

Белгілі продюсер Гүлнұр Мамасарипова Роза Әшірбаеваның «Көзқарас» подкастына сұхбат беріп, жан жарымен қалай танысқанын баяндады, деп жазады turkystan.kz

«Бір-бірімізді бірінші рет мектептің би кешінде көріп, таныстық. Кейін Алматыға келіп, бір университетте оқыдық. Ол заң факультетінде, мен журфакта оқыдым. Менен бір жас үлкен. Сол оқу ордасында жүріп, жақын таныстық. 90-шы жылдардың басы, бандиттер мен рэкетирлердің заманы еді ғой. Жатақханада небір қорқынышты оқиғалар болып жататын. Сондай мықты жігіт, спортшы болатын. Би кештеріне ойланбай ертіп баратындай, мен үшін кез-келген жерде тұрып бере алатындай жігіт болды. Басымда сондай образ қалыптасты. Жүрген ортасы, жігіттер бәрі «крутой» болды. Алғашқы махаббаттым, жалғыз сол жігітпен жүріппін, сол жігітке тұрмысқа шықтым. Кеше ғана «бүгін сені ауылға апарған күнім екен ғой» деп жазып жатыр. Ол менің есімнен шығып кетіпті. Содан бері 31 жыл өтіпті. 3 қызымыз бар. Үлкен қызым 1994 жылғы, екінші қызым 1996 жылғы, үшінші қызым 2002 жылғы. Одан кейін неге тумағанымды түсінбеймін. Уақыт деген зу ете қалады екен. Карьераға басыммен сүңгіп кетіп, уақыттың қалай өтіп кеткенін байқамай қалыппын. Қыз болса да,  ұл болса да, неге туып алмадым екен деген өкінішім бар», - дейді продюсер.

Серіктес жаңалықтары