Семейде жиһаз цехынан өрт шықты

ТЖМ өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.

Семейде жиһаз цехынан өрт шықты
Скриншот
174

Абай облысында ТЖМ құтқарушылары жиһаз цехындағы өртті сөндірді.

Семей қаласы Водников көшесі бойындағы екі қабатты жиһаз цехының бірінші қабатында тақтайлар, ағаш үгінділері мен төбе жабыны жанып от екінші қабаттың төбесіне ауысты.

ТЖМ күштері қысқа мерзімде жалпы ауданы 250 шаршы метр өртті сөндірді. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталуда, - делінген министрлік таратқан хабарламада.

ТЖМ өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.

Серіктес жаңалықтары