317
Ақтөбе облысында жолда қалған 52 шетел азаматы эвакуацияланды
ТЖМ қызметкерлері автобустан 52 жолаушыны, оның ішінде 1 баланы, жақын маңдағы Ырғыз ауылының жылыту пунктіне эвакуациялады
Ақтөбе облысы Ырғыз ауданындағы Самара-Шымкент тасжолында шетел азаматтарын тасымалдап келе жатқан жолаушылар автобусы бұзылып қалды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
ТЖМ қызметкерлері автобустан 52 жолаушыны, оның ішінде 1 баланы, жақын маңдағы Ырғыз ауылының жылыту пунктіне эвакуациялады.
Автобуста Өзбекстан Республикасының азаматтары және Тәжікстан Республикасының 6 азаматы болған. Олар басқа автобуспен сапарларын жалғастырды. Ешкім медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ, – делінген хабарламада.