746
Ауғанстанда екі көлік апатынан 52 адам қаза тапты
Қайғылы оқиғалар автобустар, жанармай цистернасы және жүк көліктерінің қатысуымен болған
Ауғанстанның Газни провинциясында екі бірдей жол-көлік апаты салдарынан 52 адам қайтыс болып, 76 адам жарақат алды.
Қайғылы оқиғалар Шахбоз және Нани аудандарында, түнгі уақытта, автобустар, жанармай цистернасы және жүк көліктерінің қатысуымен болған.
Газни провинциясының денсаулық сақтау басқармасы апаттың ауыр зардаптарын растап, зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіліп жатқанын хабарлады.
Елдің уақытша үкіметінің өкілі Забихулла Муджахид марқұмдардың жақындарына көңіл айтып, жауапты мекемелерге апаттың себептерін жедел түрде анықтауға тапсырма берді.