Ақмола облысында көліктерді заңсыз тіркеген 2 адам сотталды

Салдарынан мемлекетке 400 миллион теңгеден астам шығын келтірілген.

Ақмола облысында көліктерді заңсыз тіркеген 2 адам сотталды
istockphoto.com
200

Ақмола облысында 55 көлікті заңсыз тіркеген екі адам бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады.

Ведомствоның Ақмола облысы бойынша департаменті жалған төлем және есеп айырысу құжаттары қолданылған 55 автокөлікті заңсыз тіркеу фактісі бойынша қылмыстық істі аяқтады.

«Тергеу барысында осы схеманың ұйымдастырушысы анықталды. 2020 жылдың желтоқсанынан 2022 жылдың қаңтарына дейінгі кезеңде шетелден әкелінген автокөліктерді бастапқы тіркеу схемасын топ болып ұйымдастырған», – дейді ведомство.

Салдарынан мемлекетке 400 миллион теңгеден астам шығын келтірілген.

«Кінәлі екі адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен сотталғандар 2,5 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілді», – дейді агенттік.

Сонымен қатар соттың шешімімен сотталғандардың мүлкі — Астана және Кокшетау қалаларындағы жалпы құны 90,5 миллион теңгеден астам пәтерлер мен Кокшетау қаласындағы құны 35 миллион теңге болатын үй тәркіленді.

Серіктес жаңалықтары