341
Қосшыда оқушы қызды көлік қаққан сәт видеоға түсіп қалған
Оқушы жолдан жүгіріп өтпек болған, бірақ LADA Largus автомобилінің жүргізушісі тоқтап үлгермей, оқушыны қағып кеткен.
Ақмола облысы Қосшы қаласында жолды кесіп өтпек болған оқушы қызды көлік қағып кетті. Оқыс оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
ІІМ мәліметі бойынша, биыл 11 айда Ақмола облысында балаларға қатысы бар 217 жол апаты болған. Жақында Қосшы қаласының полициясына Рысқұлов көшесінде бір адамды көлік қағып кеткені туралы ақпарат түскен.
Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері Honda Odyssey автокөлігінің жүргізушісі 16 жастағы жасөспірімді қағып кеткенін анықтаған.
Ал екі күн бұрын, 17 желтоқсанда, IT-лицейі маңында сегіз жастағы қызды көлік қағып кеткен. Алдын ала мәлімет бойынша, ол жолдан жүгіріп өтпек болған, бірақ LADA Largus автомобилінің жүргізушісі тоқтап үлгермей, оқушыны қағып кеткен.
«Осы екі оқиға кезінде де балалар жолдың өтуге болмайтын жерінен өтпек болған. Анық-қанығы анықталып жатыр, сонан соң тиісті шара қабылданады», - деп хабарлады полиция өкілдері