Степногорскте 84 млн теңгеге мемлекеттік сатып алуды заңсыз өткізген

Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады.

Степногорскте 84 млн теңгеге мемлекеттік сатып алуды заңсыз өткізген
istockphoto.com
183

Степногорск прокуратурасы 84 миллион теңгеден аса сомаға мемлекеттік сатып алуды заңсыз өткізу дерегін анықтады, деп хабарлады turkystan.kz сайты Бас прокуратураға сілтеме жасап. 

Степногорск мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңның талаптарын бұза отырып, 84,8 миллион теңге сомасына жылы аялдамаларды дайындау және орнату жұмыстарына ашық конкурс өткізуді көздегені анықталды.

Атап айтқанда, жұмыстарды жасау жерін көрсетпеу, эскизді бекітпеу, сондай-ақ бағаны белгілейтін құжаттамалық негіздемесіз ұсыну (сметалық құжаттаманың болмауы) бұзушылықтар болған.

Қадағалау актісі бойынша конкурстың күші жойылды, бюджет қаражаты басқа да әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруға бағытталды, сол арқылы бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына жол берілмеді.

Серіктес жаңалықтары