280
9 жастағы қазақстандық ментальды арифметикадан әлем чемпионы атанды
Жарысқа 30 елден 6000-ға жуық бала қатысты.
14-15 желтоқсанда Үндістанның Нью-Дели қаласында өткен ментальды арифметика бойынша халықаралық олимпиадада 9 жастағы Өтеген Нығмет әлем чемпионы атанды. Бұл туралы Талдықорғандық Қайрат Абдрахман есімді блогер мәлім етті.
Жарысқа 30 елден 6000-ға жуық бала қатысты. Ал Қазақстаннан 34 бала барды. Өтеген Нығмет Талдықорған қаласының тұрғыны.