285
«ҚазАвтоЖол» компаниясының бұрынғы төрағасы сотталды
Ол 200 млн теңге көлемінде мемлекет қаражатын жымқырды деп айыпталды.
Астана қаласы Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның бұрынғы төрағасы мен бас мердігеріне қатысты үкім шығарды.
Олар «Жақсы-Есіл-Бұзылық» жолын күрделі жөндеуге, соның ішінде Есіл өзені арқылы өтетін көпірді салуға бөлінген 200 млн теңге көлемінде мемлекет қаражатын жымқырды деп айыпталды.
Келісімшарттың олқылықпен жасалған және берілген аванс ысырап етілген. Жоба бойынша жұмыс басталмаған.
Сотталғандар 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот мемлекетке келтірілген залалды өндіріп алды.