Атырауда есірткі сатпақ болған Ақтау тұрғыны ұсталды

/
Атырауда есірткі сатпақ болған Ақтау тұрғыны ұсталды
Polisia.kz
Тінту барысында жалпы салмағы 211,84 грамм "Альфа-PVP" есірткі заты салынған 3 zip-пакет пен 40 орама табылды.

Атырауда полиция қызметкерлері есірткі заттарын сатуды ұйымдастырды деген күдікпен 29 жастағы Ақтау тұрғынын анықтады. Ол қаладағы көпқабатты үйлердің бірінде ұсталды, - деп хабарлады turkystan.kz.

Жалға алған пәтеріне жүргізілген тінту барысында жалпы салмағы 211,84 грамм "Альфа-PVP" есірткі заты салынған 3 zip-пакет пен 40 орама табылып, тәркіленді.

Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды. Қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары