237
Шымкентте қан қысымын төмендету үшін сірке суын ішкен әйел ауыр халде ауруханаға түсті
Келіншек екі күн бойы аса ауыр халде жатқан
Шымкентте қан қысымын төмендету үшін сірке суын ішкен әйел ауыр халде ауруханаға түсті. Дәрігерлер өз-өзін емдемек болған келіншекті аман алып қалды, деп хабарлайды Otyrar.kz Telegram-дағы арнасында.
Басылым мәліметіне сүйенсек, 53 жастағы әйел қан қысымын халық әдісімен төмендетуге тырысып, ғаламтордан кеңестер оқып, куркума мен алма қосылған сірке суын ішкен.
Алайда науқаста анафилактикалық шок пайда болып, аса ауыр жағдайда ауруханаға түскен. Дәрігерлер келіншектен тері мен шырышты қабықтың кең зақымдануымен сипатталатын аллергиялық буллезді дерматиттің ең ауыр түрі — Лайелл синдромын анықтады.
Келіншек екі күн бойы аса ауыр халде жатқан.