182
Астанаға Гвинея-Бисау президенті ресми сапармен келеді
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
18 желтоқсан күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Гвинея-Бисау Президенті Умару Сисоку Эмбало Астанаға ресми сапармен келеді
«Жоғары деңгейде өтетін келіссөздер барысында Қазақстан мен Гвинея-Бисау арасындағы саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық перспективасы талқыланады», - делінген ақпаратта.