Иван Дычко қиын жағдайға тап болғанын айтты

Боксшы 50 миллион теңгеге алданып қалған

Иван Дычко қиын жағдайға тап болғанын айтты
Фото: KBF
410

Қазақстандық ауыр салмақтағы боксшы Иван Дычко кәсіби мансабында қанша табыс тапқанын және бір кездері 50 миллион теңгеге алданғанын айтып берді, деп хабарлайды Vesti.kz сайты.

«Орташа табысымды нақты айта алмаймын. Кей жекпе-жектерден мүлдем табыс таппадым, ал кейбірінде 20 мың немесе 50 мың доллар табысқа шықтым. Бірде маған 100 мың доллар (50 миллион теңгеден астам) жалақы уәде еткен еді, бірақ ештеңе алмадым», – деді Дычко Қанат Исмаиловтың подкастында.

Ол жекпе-жек ұйымдастырушыларынан алданғанын атап өтті.

«Бұл менің командам емес, ұйымдастырушы тарап еді. Жекпе-жек өткіздім, бірақ ешқандай төлем алмадым. Мұндай жағдайлар жиі кездеседі. Әр жекпе-жектің өзіндік ерекшелігі бар. Бастапқы бес жекпе-жек жайлы айтсам, бір раундқа 1000 доллардан аз табысқа келіспеу керек деп ойлаймын. Бұл, ең болмағанда, жол шығындарын жабуға жеткілікті болуы тиіс», – деді боксшы.

Серіктес жаңалықтары