33 млн доллар ұтып алған ер адамның жүрегі тоқтап қалды

Сикейра мультимиллионер атанғанына бір ай толмай жатып қайтыс болған.

33 млн доллар ұтып алған ер адамның жүрегі тоқтап қалды
Сурет: www.istockphoto.com
670

Бразилияның Мату-Гроссу штатының Куяба қаласынан 73 жастағы Антонио Лопес Сикейра, қараша айында 202 миллион бразилия реалын (17 миллиард теңгеден астам) ұтып алғаннан кейін, тіс емдеу кезінде жүрегі тоқтап қалған, деп хабарлады turkystan.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

9 қарашада ұлттық лотереядан үлкен ұтыс ұтып алған Сикейраның жүлдесі ел тарихындағы ең ірі ұтыстардың ондығына енді. Қаржылай байыған азамат бірінші кезекте тісін емдетуге кіріскен. 

Ер адам бір апта бойы стоматологиялық клиникаға барып жүрді, бірақ соңғы сапарында, 4 желтоқсан күні, жүрек талмасы ұстап, сол жерде көз жұмды. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем дәрігерлері оны құтқара алмады. Сикейра мультимиллионер болғалы бір ай да өтпей жатып, қайтыс болды. Қазіргі уақытта полиция тергеу жүргізіп, қайғылы жағдайдың нақты себебін анықтауға тырысуда. Тіс емдеген клиника тергеумен толық ынтымақтастық танытатынын және қайтыс болған клиентінің отбасына қолдау көрсететінін мәлімдеді.

Лотерея ұйымдастырушысы айтып бергендей, Сикейра жылдар бойы әр апта сайын ұлттық лотерея билеттерін сатып алып, әрдайым "бір күні ұтатынын" әзілдеп айтып келген.

 

Серіктес жаңалықтары