Алдағы үш күнде Астана мен Алматыда ауа-райы қандай болады?
Қар жауып, жел күшейеді.
Қазгидромет 17-19 желтоқсанға арналған ауа-райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Астанадағы ауа-райы
17 желтоқсанда ауа-райы құбылмалы, жауын-шашынсыз. Оңтүстіктен секундына 15-20 метрге дейін жел соғады. Ауа температурасы түнде 12-14, күндіз 8-10 градус аяз.
18 желтоқсанда ауа-райы құбылмалы, күндіз қар жауады. Оңтүстіктен секундына 9-14 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 5-7 градус аяз.
19 желтоқсанда ауа-райы құбылмалы, қар жауады. Оңтүстіктен секундына 15-20 метрге дейін жел соғады. Ауа температурасы түнде 6-8, күндіз 1-3 градус аяз.
Алматыдағы ауа-райы
17 желтоқсанда ауа-райы құбылмалы, жауын-шашынсыз. Түнде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан секундына 2-7 метрге дейін жел соғады. Ауа температурасы түнде 14-16, күндіз 4-6 градус аяз.
18 желтоқсанда ауа-райы құбылмалы, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан секундына 2-7 метрге дейін жел соғады. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 0-2 градус аяз.
19 желтоқсанда ауа-райы құбылмалы, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан секундына 2-7 метрге дейін жел соғады. Ауа температурасы түнде 7-9 суық, күндіз 0-2 градус жылы.