Бірнеше облыста автокөлік жолы ашылды

«ҚазАвтоЖол» компаниясы бірнеше облыста автокөлік жолының ашылғанын хабарлады.

Бірнеше облыста автокөлік жолы ашылды
istockphoto.com
Автор
Админ
159

16 желтоқсанда сағат 14:00-де Жетісу  облысындағы «Үшарал – Достық»  автожолының 84-164 шақырымы (Көктума стансасынан Достық ауылына дейін) ашылды, деп хабарлайды turkystan.kz

16 желтоқсан сағат 08:00-де келесі республикалық автожолдарда көлік қозғалысы ашылды:  

Жамбыл облысы

«Алматы-Ташкент-Термез» автожолының  159-238 шақырымы, Кенен ауылы-Кайнар ауылы.

Жетісу облысы

«Алматы-Өскемен» автожолының 480-615  шақырымы (Көлбай ауылынан Абай облысы шекарасына дейін) 

Абай облысы

«Алматы-Өскемен» автожолының 615-967  шақырымы (Жетісу облысының шекарасынан-Қалбатау ауылына дейін) 

Сондай-ақ Жетісу, Шығыс Қазақстан, Түркістан облыстарында автожолдарды қысқы күтіп-ұстау жұмыстары жүргізіліп, мамандар жолдың бойын қардан тазалап, көктайғаққа қарсы материал сеуіп жатыр.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.        

 

Серіктес жаңалықтары