Айгүл Иманбаева күйеуінің қалай еркелететінін айтып мақтанды

Бұл туралы "Жарқыраған Жұлдыз" бағдарламасына берген сұхбатында айтты

Айгүл Иманбаева күйеуінің қалай еркелететінін айтып мақтанды
Әлеуметтік желіден
876

Танымал әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева Жетінші арнаның "Жарқыраған Жұлдыз" бағдарламасына берген сұхбатында күйеуінің қалай еркелететінін айтты.

"Мен күйеуімнің қасында бейқаммын, еш уайымым жоқ. Тек ұйқымды қандырып, еркелеп жүремін. Таңғы асыма дейін төсегіме әкеліп береді. Мені солай еркелетіп отырады. Жақсы нәрсеге етің тез үйренеді. Тіпті тамағымды істейді. Кейде үйде тамақ істегің келмей қалады. Түскі асты мен дайындасам, таңғы асты күйеуім дайындайды. Осылай бөліп алғанбыз. Кешкі ас ішілмейді. Екеуміз жарысып кітап оқимыз. Оқыған кітаптарымызды талдап, дискуссия жасаймыз. Осындай қызық нәрселер бар. Кейде бәрі кинодағыдай болып кетеді. Бірақ өмірде шынымен де сондай күйеулер бар екен", - деді әнші.

Серіктес жаңалықтары