Белгілі ММА шеберлері Қуат Хамитов пен Нұрберген Шәріпов Алматыда басталған жаңа Nomad Wrestling турнирінде кездесті.
Sportnews.kz хабарлауынша, лиганың дебюттік турнирінде барлық жекпе-жек түрлерінің мықты балуандары жиналып, 10 миллион теңге көлеміндегі бас жүлде үшін таласатын болады.
Формат – екі раунд, әрқайсысы бес минуттан, ұпай есептелмейді. Егер жеңімпаз анықталмаса, нәтиже шыққанға дейін экстра-раунд өткізіледі.
Алғашқы кездесуде танымал ММА шеберлері Қуат Хамитов пен Нұрберген Шәріпов бақ сынады. Спортшылар 10 минут бойы жеңімпазды анықтай алмады. Нәтижесінде экстра-раунд басталып, Қуат тейкдаун жасап, кездесудің жеңімпазы атанды.