Ақтауда екі баланы қағып өлтірген жүргізушіге сот үкімі шықты

Сот айыпталушының өкінуін және кәмелетке толмаған балаларының болуын жазаны жеңілдететін жағдай ретінде қарастырды

Ақтауда екі баланы қағып өлтірген жүргізушіге сот үкімі шықты
aikyn.kz
254

Ақтауда екі баланы қағып өлтірген жедел жәрдем көлігінің жүргізушісіне сот үкімі шықты.

Іс материалдарына сәйкес, биыл қыркүйек айында Toyota Camry көлігінің жүргізушісі Автодром ауданындағы жаяу жүргіншілер өткелінде 2008 және 2022 жылы туған екі қызды қағып кеткен. Балалар жүрек тоқтауы салдарынан жансақтау бөлімінде қайтыс болған.

Ер адам өз кінәсін мойындағанымен, бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды сұрады. Жәбірленуші тарап қатаң жаза талап етсе, прокурор оны бес жылға бас бостандығынан және жеті жылға жүргізуші куәлігінен айыруды сұрады.

Сот айыпталушының өкінуін және кәмелетке толмаған балаларының болуын жазаны жеңілдететін жағдай ретінде қарастырды.

Ер адам ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі (“Көлік қозғалысы ережелерін бұзу, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкелу”) бойынша кінәлі деп танылды. Оған бес жыл бас бостандығынан айыру және жеті жыл көлік жүргізу құқығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сонымен қатар ер адам қаза тапқан балалардың отбасыларына әрқайсысына 10 миллион теңгеден моральдық және шамамен 2 миллион теңге материалдық шығынды өтеуге міндеттелді.

Серіктес жаңалықтары