Алматыда техникалық қызмет көрсету станциясынан өрт шықты

Ведомствоның мәліметінше, өрт толық сөндірілді, зардап шеккендер жоқ

Алматыда техникалық қызмет көрсету станциясынан өрт шықты
ТЖМ
243

Алматыдағы Алатау ауданында орналасқан Солтүстік айналма тас жолындағы бір қабатты техникалық қызмет көрсету станциясында сенбіге қараған түні өрт шықты.

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі өрт туралы мәлімет берді.

“Төрт жеңіл автокөлігі бар бөлме өртенді. Өрттің станцияның басқа бокстарына таралу қаупі туындады”, – делінген хабарламада.

Өрт сөндірушілер келген бойда 220 шаршы метр аумақтағы өртті тоқтатқаны атап өтілді.

Ведомствоның мәліметінше, өрт толық сөндірілді, зардап шеккендер жоқ.

Серіктес жаңалықтары