Түркістан облысында 10 жыл бойы іздеуде жүрген күдікті ұсталды

Күдіктіге атыс қаруын қолданып бұзақылық жасады деген айып тағылған.

Түркістан облысында 10 жыл бойы іздеуде жүрген күдікті ұсталды
Түркістан облысы ПД
262

Түркістан облысының криминалдық полиция басқармасы 2014 жылдан бері іздеуде жүрген Түлкібас ауданының тұрғынын ұстады. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомство мәліметінше, күдіктіге атыс қаруын қолданып бұзақылық жасады деген айып тағылған. Қылмыс жасағаннан кейін ол оқиға орнынан қашып кеткен, сондықтан оған іздеу жарияланған болатын.

Қазір күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу іс-шараларын жүргізіп жатыр.

Серіктес жаңалықтары