«Астана» футбол клубы лондондық «Челсиден» жеңіліп қалды

Кездесу Алматы қаласындағы Орталық стадионда өтті.

«Астана» футбол клубы лондондық «Челсиден» жеңіліп қалды
ФОТО: CHRIS LEE/GETTY IMAGES
276

Алматыда өткен УЕФА Конференция лигасының топтық кезеңінің 5-турында елордалық «Астана» лондондық «Челсимен» кездесті, деп хабарлайды turkystan.kz порталы Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.

Матч 1:3 есебімен қонақтардың пайдасына аяқталды.

Жеңімпаз команда сапында Марк Гиу дубль жасаса, Ренато Вейга бір голдың авторы атанды. Қазақстандық команда қатарында Марин Томасов бір гол соқты.

Еске салайық, бұған дейін елордалық команда сербиялық «ТСЦ Бачка-Тополадан» 1:0 есебімен басым түсіп, португалиялық «Виториямен» (1:1) тең ойнап, Уэльстің «Нью-Сейнтске» 0:2 және кипрлік «Пафосқа» 0:1 есебімен жол берген еді.

Айта кетейік, осы маусымда Конференция лигасында 36 команда өнер көрсетіп жатыр. Жарыстың жаңа ережелеріне сәйкес, үздік сегіз команда 1/8 финалға тікелей жолдама алса, 9-24-орындардағы клубтар қосымша кездесулер өткізеді. Бұл ойындардың жеңімпаздары да 1/8 финалға өтеді.

Елордалық клубтың топтық кезеңдегі соңғы матчы 19 желтоқсанға жоспарланған. «Астана» сырт алаңда кипрлік АПОЭЛ командасымен кездеседі.

Серіктес жаңалықтары