Ауыр атлетикадан Ұлттық құрама көшбасшысы Нұрғиса Әділетұлы (96 кг) Бахрейн астанасы Манамада өтіп жатқан әлем чемпионатында топ жарды, деп хабарлады turkystan.kz.
Нұрғиса Әділетұлы қоссайыста 388 (174+214) келіні еңсеріп, жарысты бірінші орында аяқтады.
Екінші орынды 387 (177+210) келі көтерген Реваз Давитадзе (Грузия) алса, ирандық Али Алипур - 387 (173+214) келіні бағындырып, үздік үштікті қорытындылады.