233
Доллар бағасы 527 теңгеге жетті
Ұлттық банктің 12 желтоқсанға бекіткен ресми бағамы 516,93 теңге.
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша бір доллардың орташа бағасы 522,91 теңгені құрады, деп жазады turkystan.kz.
Ұлттық банктің 12 желтоқсанға бекіткен ресми бағамы 516,93 теңге.
Kurs.kz сайтының мәліметінше Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде бір доллар 522,92 теңгеден, Астанадағы ақша айырбастау пунктерінде 526,98 теңгеден сатылып жатыр.
Айта кетейік, 9 желтоқсанда доллар бағамы 3,54 теңгеге, 10 желтоқсанда 1,5 теңгеге арзандаған болатын. Ал кеше, 11 желтоқсанда 8,43 теңгеге қайта қымбаттаған еді.