Жамбылда жасөспірімдер жабылып қыз зорлаған

Қазір тергеу аяқталған.

Жамбылда жасөспірімдер жабылып қыз зорлаған
istockphoto.com
Автор
Админ
390

Жамбыл облысының полициясы жас қызды зорлау ісін қарап жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әлеуметтік желіде бірнеше жасөспірімнің жас қызды зорлағаны туралы ақпарат пайда болды. Өңірдің полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 120-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

«Тергеу кәмелеттік жасқа толмаған үш күдіктіні анықтап, ұстады. Екеуі үй қамаққа алынды, үшіншісі басқа бір адамның кепілдігімен жіберілді. Қазір қылмыстық істі тергеу аяқталған. Тараптар қылмыстық іспен танысып жатыр», - делінген баспасөз хабарламасында.

Тараптар танысып болғаннан кейін іс прокуратураға, одан кейін сотқа жолданады.

Серіктес жаңалықтары