Ақмолада аурухана бухгалтері 10 млн теңге жымқырған

Ол 3,8 жылға сотталды.

Ақмолада аурухана бухгалтері 10 млн теңге жымқырған
pixabay.com
Автор
Админ
261

Ақмола облысында аудандық ауруханалардың бірінің бухгалтері қызметкерлердің еңбекақысы мен басқа да төлемдерін негізсіз көтерген. Ал аурухананың бас дәрігері мен бас бухгалтер ол құжаттарды тексермей, қол қойған, деп жазады turkystan.kz.

Осылайша бухгалтер өзінің шоты мен өзгелердің шотына заңсыз ақша аударып, кейін ол ақшаны қолма-қол немесе өзінің картасына аудару арқылы қайтаруды талап еткен.

2020-2022 жылдары осы тәсілмен 10 миллионға жуық ақша жымқырған. Бұл заңсыздық аудиторлық тексеріс кезінде анықтаған.

Сот үкімімен ол 3 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленді. Бас бостандығынан айыру жазасын 14 жастағы баласы кәмелеттік жасқа толғаннан кейін, төрт жылдан кейін өтейді.

 

Серіктес жаңалықтары