Елімізде 25 мың жұмыс орны ашылады

17 ірі жобаға инвестиция көлемі шамамен 15 трлн теңгені құрап, 25 мыңнан астам жұмыс орны құрылады.

Елімізде 25 мың жұмыс орны ашылады
istockphoto.com
239

Еліміздегі экономикалық трансформация негізінде басым салалардағы ірі 17 жоба негізінде 25 мың жұмыс орны ашылады, деп хабарлады turkystan.kz.  

Президент өзінің «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты халыққа Жолдауында еліміздің өнеркәсіптік әлеуетін ашуға жүйелі күш салу қажеттігін баса айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев терең өңдеу тәсілін меңгеруге басымдық берілген 17 ірі жобаның тізімін атап өтті.

Өз шикізатымыз бен құрал-жабдықтарымызды барынша пайдалану, ірі кәсіпорындарға жапсарлас өндірістер ашу маңызды. Жобалар экономиканы әртараптандыру және өңдеу өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігін ынталандыру бағдарламасы шеңберінде іріктелді. Олар металлургия, химия, мұнай-химия, автокөлік, туризм, ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі сияқты негізгі салаларды қамтиды.

Жобалар тізімі негізгі критерийлер бойынша таңдалды:

  •  өнімді қайта бөлудің орташа және жоғары деңгейі;
  •  экспортқа және импортты алмастыруға бағдарлану;
  •  өндірілетін өнімге нарықтық сұраныс;
  •  ел немесе аймақ экономикасы үшін стратегиялық маңыздылығы – мультипликативті әсер.

Аталған жобаларға инвестиция көлемі шамамен 15 трлн теңгені құрап, 25 мыңнан астам жұмыс орны құрылады. Күтілетін экономикалық тиімділік экспорт көлемінің 6 трлн теңгеге артуы және импортқа тәуелділіктің 1,5 трлн теңгеге төмендеуін қамтиды.

Серіктес жаңалықтары