Жапониядағы жаңа елші тағайындалды

Бұл қызметке Ерлан Баударбек-Қожатаев келді.

Жапониядағы жаңа елші тағайындалды
Ғаламтор
Автор
Админ
206

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Кеңесұлы Баударбек-Қожатаев Қазақстан Республикасының Жапониядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.

Ол Қазақстан Республикасының Грек Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.

Ерлан Кеңесұлы бұған дейін де, 2016-2021 жылдары Қазақстанның Жапониядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін атқарған.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университететінің Азия және Африка елдері институтын,  Жапон тілі институтын тәмамдаған.

Төтенше және Өкілетті Елші дипломатиялық дәрежесі бар. Ағылшын және жапон тілдерін меңгерген.

«Құрмет» орденімен (2016), «Күншығыс, Алтын және Күміс Жұлдыз орденімен» (2021) марапатталған.

 

 

Серіктес жаңалықтары