Жел екпіні күшейеді: құтқарушылар елордалықтарға ескерту жасады
көлікті шіріген және ескі ағаштардың жанына қалдырмаңыз
"Қазгидромет" РМК деректері бойынша, 12 желтоқсанда Астанада оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады, түнде және таңертең желдің екпіні 23 м/с дейін жетеді деп күтілуде, деп хабарлайды turkystan.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Ауа райының нашарлауына байланысты қатты жел кезінде жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін Астана ТЖД мынадай қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды:
- жел күшейген кезде ғимараттардан шығуды шектеу керек (мүмкіндігінше үй-жайларда болыңыз);
- балаларды бақылауға алу және оларды қараусыз қалдырмау;
- егер қатты жел көшеде болсаңыз, жерасты өткелдерінде немесе дүкендерде паналауды ұсынамыз;
- қатты желден үйлердің қабырғаларына жақын жерде жасырынбаңыз, өйткені шатырлардан шифер мен басқа да материалдар құлауы мүмкін;
- ешбір жағдайда қоғамдық көлік аялдамаларының, билбордтардың, құрылысы аяқталмаған ғимараттардың, ағаштардың астында жасырынуға тырыспаңыз;
- электр желісінің астында тұрып, үзілген электр сымдарына жақындау өте қауіпті;
- көлікті шіріген және ескі ағаштардың жанына қалдырмаңыз.
Құтқарушылар қатты аязда өзін қалай ұстау керектігі туралы ұсыныстар берді:
- үнемі қозғалу керек, бір жерде тұруға болмайды, әсіресе қарға немесе суық заттарға отырмау керек, әсіресе металл мен бетон тіптен қауіпті;
- аяз кезінде аш қарын жүрмеңіз, тамақ ішуге уақыт бөліңіз. Ыстық сусындар құйылған термос алып жүріңіз;
- жаман әдеттер туралы ұмытыңыз, алкогольді ішпеңіз;
- қалың табаны бар аяқ киімді таңдаңыз;
- аяқ-қолдар мен дененің ашық жерлерін жабыңыз;
- жылы қалың киім киіп жүріңіз.
Төтенше жағдай туындаған кезде «101» және «112» нөмірлеріне қоңырау шалу қажет.