Ақтөбе облысында тағы бір әскери қызметкер суицид жасады

Белгілі болғандай, өз өзіне қол жұмсаған әскери комиссар ешқандай теріс қылық жасамаған.

Ақтөбе облысында тағы бір әскери қызметкер суицид жасады
istockphoto.com
293

8 желтоқсанда кешке Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының әскери комиссары өз қызметтік кабинетінде асылып қалған, деп хабарлады turkystan.kz сайты Ratel.kz порталына сілтеме жасап.

Өзін өзі өлтіруге итермелеген себептер туралы әлі мәлімет жоқ. 

Белгілі болғандай, өз өзіне қол жұмсаған әскери комиссар ешқандай теріс қылық жасамаған. Ол ішімдік ішпеген, темекі шекпеген және перспективті қызметкер ретінде танылған. Суицидтің алдын ала болжамы – отбасылық мәселелер.

Өткен айда Богословка полигонында 30238 әскери бөлімінің Павлодардан шақырылған мерзімді қызметтегі сарбазы Ярослав Боровец тәуліктік кезекшілікке түскен. Артиллериялық оқ-дәрілер сақталатын жеке қойманың аумағындағы 1-бекетте 3-ауысымда тұрған кезде, АК-74 автоматымен өзіне оқ атып, бетін жаралаған.

Серіктес жаңалықтары